Елордада өзен арқылы вело-жаяу жүргінші көпірі салынады

Елордада өзен арқылы вело-жаяу жүргінші көпірі салынады. Бұл көпір Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы саябақты бірыңғай кластермен біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша қала тұрғындары аудандар арасында кедергісіз жүре алады. Көпірдің бойында демалыс аймақтары жабдықталады, ал көпірдің ішіне әткеншек орнатылады.


Көпірдің өзі қоғамдық кеңістіктің рөлін атқарады, онда демалатын орындар, жағалаулардағы көлеңкелі шатырлар орналасады. Бұл ретте, тиісті инфрақұрылымы бар белсенді және тыныш демалуға арналған көпірдің екі жағындағы аймақтар да тартылыс нүктелеріне айналады.

Көпірдің ұзындығы-150 м, ені – 9 м жуық.
Жабын ағаштан болады.


Мұндай көпірдің құрылысы тұрғындарға белсенді өмір салтын жүргізуге көбірек мүмкіндік береді.


Елорда «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытын болады. Осы жылы жалпы алғанда 160 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады.

Последнее обновление: 18:54 Мамыр 17, 2021